ӘКІМШІЛІК ІС ҚҰЖАТТАРДЫ СОТҚА «СОТ КАБИНЕТІ» ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ ЖОЛДАУ ТАҚЫРЫБЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы сотқа электронды құжаттар беру тәртібі» атты семинар өтті.
Өткізілген іс-шараға соттың Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары мен кеңсе қызметкерлері, Қызылорда облыстық ішкі істер Департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы, Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы, Қызылорда облыстық мемлекеттік кірістер, әділет департаменттерінің және Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының қызметкерлері қатысты.
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы М.Ш.Ибрашев аталған семинар «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің жұмысын насихаттау мақсатында өткізіліп отырғандығын атап өтті. Бұл жаңа енгізілім сотқа арыздарды беру механизмін жеңілдетуге, азаматтардың уақытын үнемдеуге, сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігіне, сонымен бірге сот іс жүргізуін жеңілдетуге бағытталған.
Жиын соңында семинарға қатысушылар аталған қызметті қолдануды жандандыру мен насихаттауға қажетті шаралар туралы пікірлерімен бөлісті.
Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының
баспасөз қызметі