КҮРІШШІЛЕР ӘУЛЕТІ «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІНДЕ ТОП ЖАРДЫ
Ілгері ізет, көшелі құрмет орнаған әулеттер бүгінгі қоғамда әр қырынан көпке үлгі. Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мақпалкөл ауылының күрішшілер әулеті Нұрманбетовтер «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аймақтық іріктеу кезеңінде топ жарған, деп хабарлайды 24.kz.
Жомарт жерді идірген егінші отбасының діңгегі Бақытбек ақсақал көп жыл механизатор болып, ақ күріштен тау тұрғызған. Кәнігі диқан дақыл жайқалтып, қамба толтырудың әдісін өскелең ұрпаққа үйретуден жалыққан емес.
- Жасым 70-ке келсе де, механизммен көп жұмыс жасаймын. Механизм тілін білемін. Қазіргі жастарға нұсқаушы болып, білмеген жерін үйретіп, бірге араласып, қадағалап жүремін. Жас механизатор, комбайнерлерді үйретемін. Жалпы айтқанда, биылғы егін жинауға техника 90 пайыз дайын десе болады, - дейді күрішші Бақытбек Нұрманбетов.
Бақытбек Нұрманбетов егістікке ерте араласты. Қажырлы қызметінің арқасында еселі өнімге қол жеткізген механизатор 23 жасында-ақ еңбегі ерен тұлғалардың аты жазылған Қазақстанның алтын кітабына есімі жазылады. Кәнігі күрішшіні қазірде тек егіс басынан табасың. Ізін жалғар ұлдарын да шаруашылыққа жастайынан баулып, отбасының барлық мүшесі шаруаға бейім. Алқапты лазерлік құрылғы арқылы 100 пайыз теп-тегіс етіп, дән себу әдісін аймақ бойынша алғаш қолданған да осы Нұрманбетовтер болатын.
- 1 жыл бұрын озат бригадир деген атақ алып, 55 центнерден өнім алдық. Биыл да 60-65 центнер өнім алсақ деген межеге қол жеткіземіз деген ой бар, - дейді шаруашылық бригадирі Мұрат Андақұлов.
«Әке көрген оқ жонар» демекші, ата кәсіпті жалғастырған Бақытбек ақсақалдың ұлдары төрт түлік баптауды да жетік меңгерген. Егінмен қатар асылтұқымды жылқы, сиыр санын арттыру жолында тірлік етуде. Ақ отаудың бар жабдығы - 6 құрсақ көтерген отанасы Үмітайдың қолынан шыққан дүние. Он саусағынан бал тамған ісмер тұскиіз басып, сырмақ тігуді келіндері мен қыздарына үйретіп әлек. Өйткені әулеттің сәулеті мен дәулетін асыратын тек қана осы табанды еңбек екенін өмір көрсеткен.