САРБАЗДАР ОТАН АЛДЫНДА АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТУГЕ АНТ БЕРДІ
Қызылорда қаласының «Тағзым» мемориалы алаңында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің әскери кафедрасының курсанттары Отан алдында адал қызмет етуге салтанатты түрде ант берді, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі.
Әскери ант қабылдау рәсіміне «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Байқадамов, Қызылорда облысы бойынша Ауғанстан соғысы және шектеулі соғыстар ардагерлері одағының төрағасы Қ.Баймаханов және қаламыздағы әскери бөлімдер өкілдері мен ата-аналар қатысты.
Шара барысында университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисенов әскери кафедра курсанттарының салтанатты түрдегі әскери ант қабылдау рәсімі Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы мерейлі мерекелері аясында өткізіліп отырғанын атап өтті.
Айта кету керек, университеттің әскери кафедрасында алғашқы құрылған 2000 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін әскери есептегі 2 мамандық бойынша 1800-ден астам запастағы офицерлер дайындалды.