«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ 1 ТАМЫЗДА БАСТАЛАДЫ
«Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы аясында биыл 400 мыңға жуық оқушыға керек-жарақ алып беру көзделген. Бұл туралы Білім және Ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Мәншүк Әбдікәрім мәлімдеді, деп жазады kazakh-tv.kz.
Акция 1 тамызда басталып, бір ай көлемінде жүреді. Айта кету керек, жеті жыл ішінде 2 миллионнан астам балаға материалдық көмек көрсетілді. Осы жылдар ішінде бұл игі шараға қайырымды жандардан 10 млрд. теңге қаржы түскен. Комитет төрағасының орынбасары Мәншүк Әбдікәрімнің айтуынша, жыл сайын көмек көрсетуге ниетті қайырымды жандар саны артып келеді.
- Қамқорлыққа мұқтаж отбасыларды қамту көрсеткіші жыл санап артып келеді. 2013 жылы шамамен 260 мың балаға керек-жарақ алып берсек, былтыр 300 мыңға жуық оқушыны қамтыдық. Егер акционерлік қоғамдар көмек көрсететін болса, биыл біз 400 мыңға тарта балаға жәрдем етуге ниеттіміз,- ҚР білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Мәншүк Әбдікәрім.