ҚАЗАҚСТАНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ГЕПАТИТПЕН КҮРЕС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН АЙЛЫҚ БАСТАЛАДЫ
2015 жылғы 28 шілде мен 28 тамыз аралығында еліміздің барлық аймақтарында Дүниежүзілік вирусты гепатитпен күрес күніне арналған айлық өтеді, деп хабарлайды Bnews.kz.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, шараны өткізудің мақсаты тұрғындардың вирусты гепатит туралы, ауруды жұқтыру мен тарату жолдары жайында ескерту шаралары, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ақпараттандырылуын арттыру, адамдардың өздерінің және балалардың денсаулығын сақтаудағы жауапкершілігін арттыру болып табылады.
Айлықтың аясында профилактикалық шараларға, скринингтік зерттеулерге, балаларды гепатитке қарсы вакцинациялаумен қамту және тұрғындарды вирусты гепатит туралы ақпараттандыру шараларына баса назар аударылады.
Акция барысында «А» гепатиті – бізге қауіп төндірмейді!» атты флеш-мобтар, «Вирусты гепатиттің профилактикасы» тақырыбындағы баспасөз конференциялары мен дөңгелек столдар, «Гепатиттің түрлері және оның алдын алу шаралары» атты ақпараттық сағаттар өткізіледі.
Гепатит – вирусты инфекция негізінде туындайтын бауырдың қабынуы. Вирусты гепатиттің A, B, C, D және E типтегі 5 түрі бар.
В және С типтері ауыр созылмалы аурудың дамуына әкелетін, індетті жұқтырған адамдардың көпшілігінде ондаған жылдар бойы ешқандай ауру белгілерінің болмауына байланысты цирроз бен бауыр обырын туындататын ең көп таралатын гепатит түрі болып саналады. Бұл вирусты тасымалдаушылар аңдаусыз өзгелерге жұқтырылуы мүмкін.
Жыл сайын 1 миллионға жуық адам вирусты гепатит, оның ішінде цирроз бен бауыр обыры салдарынан қайтыс болады.
Гепатиттің салдарынан болатын өлімге жол бермеу үшін жаңа жұқтыру жағдайларының алдын-алу, тестілеуді жетілдіру және жұқтырған адамдарды емдеуге мүмкіндік беру шараларын жүзеге асыру қажет. Бұл В гепатитімен ауыратын балаларды вакцинациялау мен қауіп-қатерге бейім В және С гепатитімен ауыратын адамдарды емдеу үшін барлық емдік дәрілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Жаңа туылған сәбилерді вакцинациялау – В гепатитін анадан балаға жұқтырудың ең тиімді алдын-алу шараларының бірі болып табылады.
Жұқтыру қаупі бар адамдар және балалық шағында екпеден өтпеген адамдардың вакцинациядан өту үшін дәрігерге жүгінгені дұрыс. Тиімді әрі қауіпсіз вакцина В гепатитінен өмір бойы қорғауды қамтамасыз етеді.