ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСҚА ШЫҚТЫ
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Мұса Қалдарбеков «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасында тікелей эфирге шықты.
Бүгінгі күннің өзекті тақырыптарын талқылауға арналған бағдарламадағы сұхбат барысы, негізінен, соңғы айларда жүріп жатқан қолма қол түсімдердің толықтығына байланысты зерттеп-тексеру шараларына арналды.
Қолма қол түсімдердің толық көрсетілуіне салықтық бақылауды күшейту мақсатындағы хронометраждық зерттеп-тексеру шаралары республиканың барлық аумақтарында 17 маусымнан басталған болатын. Тексеру объектілерінің негізін қоғамдық тамақтану орындары (ресторан, барлар), букмекерлік кеңселер, брендті бутиктер құрайды. Негізгі назар фискальды жады бар бақылау кассалық машиналардың, POS-терминалдардың бар болуы мен нақты жұмыс жасап тұруына аударылады.
Маусымның басталуынан бастап алғашқы бір айда камералдық бақылау басқармасы барлығы 36 салық төлеуші тұлғаларға хронометраждық зерттеп-тексеру жұмыстарын жүргізген. Оның ішінде, 24 хронометраждық зерттеп-тексеру жұмыстары аяқталып, орта есеппен есептегенде тексерілген объектілердің 1 күндік табысы 10,4 есеге көбейді, немесе табыс сомасы 137,1 млн. теңгеге көтерілді, жалдамалы жұмысшылар саны да есепте көрсетілгеннен 47-ге артты.
Көрермендер тарапынан түскен сұрақтардың дені тақырыптық тексерулерге және бақылау-кассалық машиналарына байланысты болды.
Қызылорда қаласында және аудандық басқармалар тарапынан салық төлеушілердің бақылау-кассалық машиналары мен POS-терминалдары болуына және оларды қолдану тәртібінің сақталуына тақырыптық (рейдтік) тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тексеру барысында БКМ-ның нақты қолданыста болуына (513), POS-терминалдың бар болуына (26), БКМ машиналарының қолдану тәртібін сақтамауына (95) байланысты құқықбұзушылықтар анықталып, салық төлеушілерге ескерту түрінде әкімшілік шара қолданылды.
Сондай ақ, сұхбат барысында мүлікті жария ету акциясы, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы, оның ішінде есептіліктерді электронды түрде тапсыру ерекшеліктері, еңбек мигранттарына қатысты заңнамалық талаптар туралы бірқатар түсініктемелер берілді.
Департамент басшысының орынбасары, облыс тұрғындарына мемлекеттік кіріс органдарының бірінші жартыжылдықтағы негізгі көрсеткіштері туралы да хабарлап өтті.
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2015 жылдың 1 шілдесіне шоғырландырылған бюджетке 126 млрд. 926 млн.теңге түсім түсуін қамтамасыз етті. Мемлекеттік бюджеттің жоспары 120,5% орындалып, өткен жылдың көрсеткішінен 10 млрд. теңгеге артық түсім қамтамасыз етілді, өсу қарқыны 141,6%. Республикалық бюджеттің жоспары 121,2% орындалды, былтырғы жылмен салыстырғанда 12 млрд. 689 млн.теңге артығымен өндірілді, жергілікті бюджет бойынша жоспар 111,5% орындалып отыр (өсу қарқыны 86,8% тең).
2015 жылдың 1 жартыжылдығында түскен жалпы түсімнің 73 пайызы мұнай компанияларының үлесінде. Алайда өткен жылмен салыстырғанда жер қойнауын пайдаланушылардың тауар сату айналымы және мұнай өндіру көлемі азайған.
Республикалық бюджет түсімдерінің құрылымы бойынша қарастырсақ, өткен жылмен салыстырғанда, қосылған құн салығы (167,5%) және корпоративтік табыс салығы (141,8%) бойынша өсу қарқыны байқалады. Жергілікті бюджет бойынша жалпы түсімнің жоғары үлесін жеке табыс салығы (31,6%), әлеуметтік салық (25,9%) және заңды тұлғалардың мүлік салығы (25,1%) құрайды.
Бахыт ОРДАНОВА,
түсіндіру жұмыс басқармасының бас маманы