ҚАЗПОЧТА ПОШТАШЫЛАРЫНА ВЕЛОСИПЕДТЕР ТАПСЫРЫЛДЫ
«Қазпочта» АҚ қала маңы мен ауылды мекендерде қызмет ететін пошташыларға велосипед тапсырды.
Пошташылардың өтініштеріне назар аударып және олардың күнделікті өтетін қашықтықтарын талдап, ауылды мекендердегі пошташыларды велосипедтермен қамтамасыз ету шешімі қабылданды. Себебі күнделікті жеткізу қашықтығы 14.1 км (7 километрден 16 километрге дейін)
«Бүгінгі таңда 257 пошташыға велосипед берілді, олардың 159 Павлодар облысында және 98 Манғыстау облысындағы ауылды мекендерде қызмет ететін пошташыларына берілген. Осы жылдың соңына дейін, біз тағы 540 велосипедті еліміздің өңірлеріндегі пошташыларына табыстаймыз, ал 2017 жылдың соңына дейін барлық 4600 пошташыны велосипедтермен қамтамасыз етеміз» - деп «Қазпочта» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Байрам Азизов бөлісті.
Барлық велосипедтер компанияның фирмалық түстеріне біркелкі боялған және логотиппен белгіленген. Велосипед жалпы 80 кг жук көтеру шамасы бар алдыңғы және артқы жүксалғыштармен, сонымен қатар, жел үрлегішпен, қоңыраумен, алдыңғы шаммен, ұрлап кетуге қарсы құрылғымен және сервистік кілттермен жабдықталған.
«Пошташы жылы» барысында ауылды мекендердегі пошташылар ұялы «Postman» құрылғысымен және жылдың соңына дейін жазғы және қысқы униформамен қамтамасыз етіледі, ал 2016 жылдан бастап пошташылардың жеке қызығушылығы болатын жүйе енгізіледі.