ЖҰМЫС БЕРУШІ ШЕТЕЛДІК МАМАН ШАҚЫРУ ҮШІН СТУДЕНТТІҢ 1 ЖЫЛҒЫ ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕЙДІ
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін тарту саласына жаңа ережелер енгізбек. Сондай ережелердің бірі – егер жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тартатын болса, рұқсат алу үшін елдің бюджетіне жарна төлейді. Ол жарнаның құны болжам бойынша келіп жатқан маман деңгейінде бір қазақстандықты оқытып шығуға кететін ақшаға тең болады. Бұл туралы министрліктің вице-министрі Біржан Нұрымбетов айтып берді, деп хабарлайды BNews.k тілшісі.
«Рұқсаттама беру кезінде жергілікті әкімдіктер өтініш жасап отырған жұмыс берушіге ерекше шарттар қояды. Ол дегеніміз – шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін жұмыс беруші елімізде жаңа жұмыс орындарын құруы керек немесе қазақстандықтарды оқытуы керек. Осы міндеттемелер аясында биыл шетелдік жұмыс күштерін тартқан кәсіпорындар 13 мыңнан астам жұмыс орнын құрып, 11 мың қазақстандықты кәсіптік даярлаудан өткізді. Біз халықаралық тәжірибелерді және өзіміздің қолданыстағы жүйедегі кемшіліктерді ескере отырып, бірқатар өзгерістерді даярлап отырмыз»,-деген вице-министр өзгерістердің бірінші бағытын айтты.
«Бірінші бағыт – шетелдік маманды жұмыс беруші тартқан жағдай, екінші бағыт – шетелдік маман өзі келетін жағдай, үшінші бағыт – ішкі корпоративтік ауысу тәртібі. Осы үш бағытта өзгерістер көзделіп отыр. Біріншісі, біздің қолданыстағы осы жүйе, яғни, шетелден маман шақыру жүйесі боынша көптеген құжаттар өткізіледі, арнайы комиссиялар қарайды. Процедура қиындау. Адами факторға сай, жасыратыны жоқ, бұл жерде сыбайлас жемқорлыққа да жол беріледі. Оның үстіне, біздің жүйе шетелдік жұмыс күшін тартуда рұқсат беруден тікелей экономикалық нәтиже көріп отырған жоқ. Сондықтан, халықаралық тәжірибені ескере отырып, квотаны жалпы халықтың санына емес, экономиканың салалары бойынша белгілейтін боламыз. Екіншіден, шетелдік мамандарды жұмыс беруші тартқан кездегі рұқсат беру тәртібі қалады, бірақ, біз рұқсаттаманы ақылы түрде беруді жоспарлап отырмыз. Ол дегеніміз – егер шетелдік жұмыс күшін тартсаңыз, біздің бюджетке жарна төлейсіз. Болжам бойынша жарнаның базалық құны ретінде техникалық және кәсіптік білім жүйесінде бір маманды оқытуға қажетті жылдық шығынның сомасын қабылдаймыз деп жоспарлап отырмыз», - деп толықтырды ол.
Б.Нұрымбетовтың айтуынша, оның мөлшері салаға және тартылып жатқан маманның санатына байланысты реттеліп отырады.
«Мысалы, егер де шетелдік маман шақырылып отырған салада өзімізде де маман жеткілікті болса, біз мөлшерін өте жоғары қоямыз. Егер шетелдік маман тартылып жатқан салада шынымен маман қажет болса, яғни, өзіміз мүдделі болсақ, жарнаның құны төмендеу болады. Сонымен қатар, осы рұқсат алуда адами факторды азайту үшін рұқсаттамаларды Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы беруді көздеп отырмыз»,- деп түйіндеді вице-министр.