«НАШАҚОРЛАР ВИЧ-ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРУҒА БЕЙІМ»
Есірткіні инъекциялық жолмен тұтынатын науқастардың 60 пайызы ВИЧ-инфекциясын жұқтыруға бейім. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Нашақорлықтың медицина-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Алтынай Есқалиева мәлім етті.
Нашақорлық тек медициналық қана емес, әлеуметтік және құқықтық салдарға ие екендігін айтқан маман:
- Есірткіні тұтынудың маңызды медициналық сипаттарының бірі инъекциялық жол болып табылады. Есірткіні инъекциялық жолмен тұтынатын науқастардың 60 пайызы ВИЧ-инфекция жұқтыруға бейім, олар туберкулез инфекциясымен, В және С гепатитімен, жиі ауырады, сондықтан да олардың арасында аталған ауруларды әрі қарай тараудың тәуекелі зор. Бүгінгі күні инфекциялардың таралуының алдын алу үшін нашақорлармен үлкен емдік-диагностикалық жұмыстар жүргізіледі. 2014 жылдың бірінші маусымындағы ресми ақпарат бойынша 187 науқас апиынды алмастыру терапиясын қабылдаған, олардың 48-і ВИЧ-позитивті науқастар, - деді.
Айта кетейік, Қазақстанда соңғы 5 жылдың ішінде денсаулық жүйесінде ресми есепте тұрған нашақорлардың саны 10%-ға, 2014 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы қорытынды бойынша олардың саны 6 пайызға төмендеген.
Baq.kz