ҚЫЗЫЛОРДА ӨҢІРІНДЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ӨҢДЕЙТІН КӘСІПОРЫНДАР ЖЕЛІСІ ҚҰРЫЛУДА
Қызылорда облысында азық-түлік өнімдерін шығаратын жаңа кәсіпорындар іске қосылып жатыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Биыл Қызылорда қаласында «Мирас» шағын шұжық цехы іске қосылды. Облыс орталығында жергілікті шұжық өнімдері сатылып жатыр. Ал Шиелі аудан орталығында жергілікті халықты тауардың бірнеше түрімен қамтамасыз ететін сүт цехы ашылуда», - дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өңдеу бөлімінің басшысы Пұсырман Айбосынов.
Осы жылдың алғашқы жартыжылдығында «Байқоңыр» агрохолдингі – «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ еншілес компаниясы Жалағаш ауданының элеваторында қуаты тәулігіне 150 тоннаны құрайтын, халықаралық стандарттарға сай күріш зауытын салып, пайдалануға берді.
«Сондай-ақ облыс орталығында «Жан-Арай» ЖШС мамыр айында күріш зауытын іске қосты», - деп нақтылады ол.