ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТЖД І ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Кеңейтілген жиналысқа Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы полковник Мұрат Емелұлы Келесов төрағалық етті.
М.Е.Келесов кеңесті ашып, атқарылған жұмыстар турасында баяндады. Сондай-ақ, халық пен аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің негізгі мақсаты жөнінде айтылды. «Департамент ҚР ІІМ ТЖК-нің 2015 жылға арналған жоспарына, министрліктің алқа қаулыларында берілген тапсырмаларға сәйкес жұмыс жасайды», -деді.
«Талдау көрсеткендей, Қызылорда облысы аумағында 2015 жылдың 6 айында төтенше жағдай оқиғасының саны 54-ті құрады. Төтенше жағдайлар кезінде 37 адам зардап шегіп, 33 адам қаза болған.
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бойынша 983 рет оқиға орнына жеткен. Оның ішінде 198 өрт оқиғасына, өртке жатпайтын жану оқиғаларына 516, авариялық-құтқару жұмыстарына 25 рет барған. Нәтижесінде өрттен 33 адам құтқарылған.
Жедел құтқару жасағы арқылы 307 жедел шығулар болған, оның ішінде авариялық-құтқару жұмыстарына 28 рет барған. 261 тұрғынға көмек көрсетілген, 209 адам құтқарылған (оның 91-і балалар), 4 зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілген, 48 адам төтенше жағдай орнынан көшірілген, төтенше жағдай кезінде 10 адамның мәйіті шығарылған...»
Сонымен қатар, аталмыш жиналыста Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы подполковник С.Молдақараев, Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі Р.Қайрақбаев, Қызылорда қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі М.Ибрашев, Арал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі Б.Әбдіхалықов, ҚР ІІМ ТЖК «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» ММ-нің басшысы Б.Ембергенов және облыстық департаменттің бірқатар басқарма, бөлім басшылары қатысып, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде есеп берді.
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы