ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН БИЗНЕС
Қызылорда облысы бойынша «Даму» қорының аймақтық филиалы және «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесе отырып ұйымдастырылған жас бастаушы кәсіпкерлер үшін «Кәсіпкерлік негіздері» тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында Қызылорда облысының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының консультанттары облыс бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы туралы, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамытудың біріңғай бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан бизнеске көрсетілетін қолдау түрлерін, бизнес-жоспарды жазудың инструкциясы туралы және кәсіпкердің бухгалтерлік және салықтық есебі қалай дайындалып, тапсырылатыны жөнінде презентация жасау арқылы түсіндірді. Мысал ретінде Қызылорда облысы бойынша бағдарламаның түрлі бағыттарымен мемлекеттік қолдау алған жобалар көрсетілді.
Қатысушылардың басым бөлігі 18-29 жас аралығындағы жастар болғандықтан, жақында бастау алған «Startup Bolashak» бағдарламасы таныстырылып, осы конкурсқа қатысу шарттары түсіндірілді. Конкурс ережесіне сәйкес «Startup Bolashak» конкурсына жасы 18-ден 29-ға дейінгі Қазақстан Республикасының барлық азаматтары қатыса алады. Конкурсқа «Болашақ» ассоциация тарапынан 3 грант тағайындалған, яғни І орын – 7 млн. теңге, ІІ орын – 5 млн. теңге, ІІІ орын – 7 млн. теңге. Сондай-ақ «BI Group» холдингі қосымша 10 млн. теңге көлемінде грант тағайындап отыр. Тағы бір ерекше атап өтетін мәселе, ол - ең қызықты, ерекше идея авторлары «Байтерек» холдингінің қолдауына ие болады, яғни технологиялық дамыту бойынша Мемлекеттік агенттіктің инновациялық гранттарын алуға мүмкіндік алады және «Даму» қорының құралдарын қолдану арқылы ең төменгі пайызбен несие ала алады.