ҚЫЗЫЛОРДАДА БЕЙНЕКАМЕРА КӨМЕГІМЕН 22591 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ
Облыс орталығында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу, орын алған қылмыстарды дер кезінде ашу мен жол қозғалысы ережесін бұзғандарды анықтау мақсатында адам көп шоғырланатын орындарға бейнебақылау камералары орнатылып, көп жағдайда көшедегі жол жүру ережесін бұзғандарды анықтауда септігін тигізіп келеді. Жалпы облыс орталығында 243 бейнекамера бар болса, олардың барлығы Қызылорда ҚІІБ-нің Жедел басқару орталығына қосылған. Аталған бейнекамералардың 96-ы көпқабатты үйлердің ауласында, 133-і көше қиылыстарында орналасқан.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел басқару орталығының техникалық мүмкіндіктерін пайдалану арқылы облыс орталығында жасалған қылмыстарды ашу, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау бағытында біршама жұмыстар атқарылуда.
- Атап айтқанда, 2015 жылдың 6 айында облыс орталығында орналасқан бейнекамералардың көмегімен барлығы 124 қылмыстың беті ашылса, есепті мерзімде анықталған құқық бұзушылықтың саны 22591-ді құрап, олар бойынша әкімшілік шаралар көрілген. Оның ішінде жол полициясы саласы бойынша 19347 құқық бұзушылық, қоғамдық орынды ластау – 1650, қоғамдық орында мас күйінде жүру дерегі бойынша 1424 құқық бұзушылық анықталған, - делінген хабарламада.
Құқықтық сана-сезімді қалыптастырып, қоғамдық тәртіпті нығайту бағытында қызылордалық полицейлермен атқарылатын қарқынды жұмыстар әрі қарай да жалғасын табады.