ҚЫЗЫЛОРДА ХАЛҚЫНЫҢ САНЫ 750 МЫҢНАН АСТЫ
Алдын ала деректер бойынша, қызылордалықтардың жалпы саны 757,3 мың адамды құрады. Оның ішінде қала халқы – 327,9 мың, ауыл халқы – 429,4 мың адам. Яғни, қалалық тұрғындар үлесіне 43,3, ауылдықтар үлесіне – 56,7 пайыз тиесілі деген сөз. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
2015 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында облыста 7664 нәресте туылған. Бұл 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 499 адамға аз. Жалпы халықтың туу коэффициенті 1000 тұрғынға есептегенде 26,42-ден 24,43-ке кеміген. Сонымен қатар, биылғы қаңтар-мамыр айлары аралығында облыста өлім көрсеткіші 1809 адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 130 адамға азайған. Ал жалпы өлім көрсеткішінің коэффициенті әрбір 1000 тұрғынға шаққанда 6,28-ден 5,77-ге төмендеген.