ЕҢ КІШКЕНТАЙ ТҰТЫНУШЫ ӨЗ ҚҰЖАТЫН АЛДЫ
Кеше «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда қаласының №3 бөліміне ең жас тұтынушы келіп өз құжатын алды, деп хабарлайды облыстық ХҚКО баспасөз қызметі. Ең жас тұтынушыға анасы ырымдап Ұлпан атты тарихи есім беріпті.
- Үйде әжесі болса да, Ұлпанды бірге алып келдім, өз құжатын өзі алсын, оның үстіне халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері өзіме қатты ұнайды. Менің Ұлпаным да өскенде осындағы аға-апалары сияқты халқына адал қызмет көрсететін азаматша болса екен, кішкентай болса да осындай үлкен мекеменің еңбек тынысын жүрегімен сезінсін деп ойладым,- дейді Ұлпанның анасы Рысты.
Жас ана Рыстының үміті ақталғандай, Ұлпанның туу туралы куәлігін бөлім қызметкері, болашақ ана Лилия Тюалбаева тапсырды. Ұлпанның анасы мұның өзін жақсылыққа балап, қуанып қалды.