ЖЫЛ БАСЫНАН ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫ ТАРАПЫНАН ЖАСАЛҒАН 3530 ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛҒАН
Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің мәжіліс залында департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Ә.Шаймағамбетовтің төрағалық етуімен және облыстық прокуратура, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Қызылорда өңірінде орналасқан мұнай-газ компаниялары өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өтті. Бұл туралы Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Шетелдіктермен Қазақстан Республикасының аумағында болу қағидаларын бұзуды болдырмау, олармен жасалынатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түсіндірме беру және шетелдіктерге, оларды қабылдаушы тараппен жұмыс берушілерге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген талаптарды түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған аталмыш шараны Қызылорда ОІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ә.Шаймағамбетов ашып, өткізілгелі отырған семинардың мақсаты мен міндетін қысқаша баяндап, семинар-кеңестің бағдарламасымен таныстырып өтті. Семинар барысында көші-қон полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі С.Умаровтың баяндамасы тыңдалды.
Баяндамадан аян болғандай, жыл басынан облыс аумағында шетелдіктердің Қазақстан аумағында болу, келу-кету ережелерін сақтау жағдайына жүргізілген рейдтік шаралар барысында шетел азаматтары тарапынан жасалған 3530 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, сот қаулысымен 198 шетел азаматы ел аумағынан аластатылған. Сонымен қатар, шетелдіктер тарапынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтудің 4 дерегі, шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамаудың 7 дерегі анықталып, қылмыстық істер қозғалды.
Айта кетейік, 6 айында еңбекші көшіп келушіге барлығы 2934 рұқсаттар рәсімделіп, олармен жергілікті бюджетке 32 млн. 928 мың теңге мөлшерінде салық төленді.