ЖҰМЫСШЫ ЖАСТАРҒА ЕҢБЕК ШАРТЫ МЕН ЖЕКЕ БАСТАРЫНЫҢ ҚұҚЫҚТАРЫ ЖАЙЛЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Қызылорда қаласының әкімдігінің қолдауымен қалалық ішкі саясат бөлімі және облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасы және «Болашақ жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен қаламыздағы құрылыс нысандарында еңбек шартының заңдылықтары жайында 2015 жылдың 17 мен 21 шілде аралығы күндері қала көлеміндегі құрылыс нысандарында «Заң бәрімізге ортақ» атты көшпелі шара болып өтті. Бұл туралы «Болашақ жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Шараның негізгі мақсаты еңбек шартының бұзылу себеп-салдарының алдын-алу және жұмысшы жастарға жеке бастарының құқықтары бұзылған жағдайда қайда хабарласуға немесе қандай іс-әрекеттер жасауға болатындығы жөнінде кеңінен түсіндірілді.
Шараға облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасы басшысының орынбасары Хасанов Өтеп Исмайлұлы қатысып, сұрақтарына тұшымды жауаптарын берді. Атап айтқанда, Өтеп Исмайлұлы жұмысшылардың көбісінің ең басты мәселелері жалақыдан басталып, енбек-шарты аясында жұмыс беруші мен жұмысшы арасында негізгі міндеттерден туындайтындығын ашып айтты. Республикасының Еңбек заңнмасына сай көрсетілген талаптарды алға тартты. Жұмыс беруші күнделікті 8 сағаттық еңбек пен апталық 40 сағаттық еңбек күшін ескертіп, соған сай түскі ас немесе түскі демалыс уақыты, қызмет саласына сай арнайы киім формалары мен қауіпсіздік ережелерін қатаң сақталу керектігіне тоқтала кетті.Жұмысшылар тарапынан көптеген сұрақтар мен ұсыныстар айтылды. Айта кететін жайттың бірі еңбек шартына отырмаған жұмысшыларда кездесіп жатыр. 5 күнге жалғасқан шарада құрылыс мекемелерінің басшыларымен еңбек шарттарына отыруға қол жеткізудеміз. Шара барысында арнайы дайындалған әдістемелік нұсқаулықтар таратылды.
Сонымен қатар, қалалық мәслихат депутаты, «Болашақ жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мастеков Бауыржан Қайырбекұлы еңбек шартының заңға сәйкес рәсімделуі біздің нысанамызда болатынын айтып, жұмысшы жастардың құқықтарының тапталмауы, еңбек күшінің ескерусіз, жауапсыз болмайтындығын атап өтті.
Құрылыс нысандарында жұмысшылардың еңбек нарығында келеңсіз дау дамайлардың орын алмауы үшін еңбек келісім-шартты заңдылығын кең көлемде түсіндіру көшпелі шаралары жалғасын табады.