МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ ЖАҢА МАМАНДЫҚ ЕНГІЗБЕК
Мемлекеттік басқару Академиясы алдағы оқу жылынан бастап жаңа мамандық бойынша оқыта бастайды. «Қызметкерлерді басқару» деп аталатын жаңа мамандықты оқып шыққан адам мемлекеттік қызметкерлерді іріктеп, олардың қызметтік өсу жолын жоспарлап беретін болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәжілісіне қатыса отырып, Мемлекттік басқару академиясының вице-ректоры Әлия Мұхамеджанова мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Әрине, мемлекеттік қызметтің мықтылығы қызметкерлерді басқару қызметінің дәрежесімен өлшенеді. Сондықтан да, Мемлекеттік басқару академиясы «Қызметкерлерді басқару» деген жаңа мамандықты енгізбек. Осы мамандықты оқыған азаматтар мемлекеттік қызметкерлерді іріктеп, олардың мансаптық өсу жолын жоспарлау сияқты қызметтерді атқарады. Яғни, олар өз кәсіптерінің нағыз шеберлері болуы керек. Жаңа мамандық алдағы оқу жылынан бастап енгізіледі»,-деп хабарлады вице-ректор.
Оқу орнының өкілі атап өткендей, қазіргі таңда академия студенттерге білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін қолға алып жатыр.
«Біз студенттерімізді оқыту барысында өмірде болған жағдайларды айтып, дәрістерге жаңа әдіс-тәсілдер енгізудеміз. Яғни, оқу барысында тәжірибеге бағытталған оқыту бағдарламаларын пайдалануға тырысамыз»,-деп толықтырды ол.