ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖАСТАР «САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» МЕМБАҒДАРЛАМАСЫН ҚОЛДАУ АКЦИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Қызылордада жастар ұйымдары мен бірлестіктері «Саламатты Қазақстан» мелекеттік бағдарламасының жүзеге асуын кеңінен қолдау мақсатында бас қосты.
Қалалық мәдениет және демалыс саябағында өткен айтулы іс-шарада «Қызылорда облысы жастарының Одағы», «Жас құрылысшылар», «Жасыл ел» секілді көшбастар ұйымдардың өкілдері түрлі спорт байқауларын ұйымдастырды. Армрестлинг, гір тасын көтеру, арқан тарту секілді спорт түрлерінде кез келген қатысам деушілер бақ сынасты. Спорттық шараға адам көп жиналып, командалар жасақталды. Көп ұзамай алғашқы жеңімпаздар да анықталды. Мысалы, гір тасын көтеруде «Жасыл ел» қозғалысының мүшесі Балтабек Ерсултанды басып озған ешкім болмады. Арқан тарту сайысы да өте қызықты, әрі тартымты өтті. Мұнда жас құрылысшылардың күші басым түсті. Ал «Қыздар ғана» командасы үшінші орынға жайғасты.
Акцияға қатысушылар көл-көсір көңіл күй, ал жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болды.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА