«ШАҢЫРАҚ» ИНТЕЛЛЕКТ-ОРТАЛЫҒЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жұмыссыз жастарға және әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген азаматтарға қолдау көрсетуге бағытталған «Шаңырақ» интеллект-орталығы өз жұмысын бастады.
Жобаның мақсаты 18-35 жас аралығындағы жұмыссыз жастар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еңбек пен бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ІТ-технологияларды пайдалануға үйрету болып табылады.
Алдына мақсат қойған жастар кітапханадағы «Шаңырақта» бас қосып, электронды білімдерін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған оқу курстары мен тренингтерге тегін қатыса алады. Орталықта жастар компьютер және Интернетпен жұмыс істеуді үйренеді. Электронды білім оларға интернет арқылы жұмыс орнын іздеуге, әртүрлі әлеуметтік желілерді және электронды үкіметтің онлайн қызметтерін пайдалануға зор септігін тигізері сөзсіз.
Алдағы уақытта «Шаңырақ» интеллект-орталығында жастарды компьютерлік сауаттылыққа оқытып-үйретіп қана қоймай, олардың бойында азаматтық және отаншылдық сезімдерін ояту, өз елінің тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында түрлі бағытта білім беретін курстар ұйымдастырылады. Сондай-ақ ауыл кітапханаларындағы ашылған онлайн орталықтардың қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында кітапхана қызметкерлеріне арналған семинар-тренингтер өткізіліп, әдістемелік көмектер көрсетіледі.