ӘКІМДЕРДІҢ ТӘРТІПТІК ІСІ ҚАРАЛДЫ
2015 жылдың 17 шілдеде өткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысындағы Тәртіптік кеңесінің отырысында Шиелі кентінің әкімі Н.Мырзабеков пен орынбасары Ә.Сәрсенбаевтың тәртіптік істері қаралды.
Шиелі кенті, Әл-Фараби көшесіне темір-бетон лотоктарын орнатуға конкурс тәсілімен өткізілген және абаттандыру жұмыстарына мемлекеттік сатып алудың қорытындылары бойынша Н.Мырзабековтың комиссия төрағасы ретіндегі, Ә.Сәрсенбаевтың комиссия мүшесі ретіндегі әрекеттерінде өз құзыретiне кiретiн өзге де мәселелердi шешудiң заңда белгiленген тәртiбiн әлденеше рет бұзу сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарға жол берген.
Тәртіптік кеңес мәселені талқылай келе, заң талаптарының бұзылуына жол бергені үшін Шиелі кентінің әкімі Н.Мырзабековке «қызметінен төмендету», ал төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда заңда белгіленген тәртіппен «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазасын қолдануды, ал, Шиелі кентінің әкіміне орынбасары Ә.Сәрсенбаевқа «қызметінен төмендету», ал төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда заңда белгіленген тәртіппен «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазасын қолдануды ұсынды.
Сондай-ақ, Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылдық округінің әкімі Т.Толкинбаевтың пен ауылдық округінің әкімі аппаратының бас мамандары К.Оразбеков пен К.Кыдырбаевтың да тәртіптік істері қаралды. Қандөз ауылдық округінде орналасқан Клубты күрделі жөндеу жұмыстарын мемлекеттік сатып алу бойынша электрондық конкурсты өткізу барысында конкурс нәтижесіне әсер ететін өрескел заң бұзушылықтардың және «Игілік-Қызылорда» ЖШС-не қатысты шешімдер қабылдау кезінде заңсыз артықшылық көрсетіп, конкурсқа әлеуетті өнім беруші ретінде қатысқан жоғарыда аталған заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруына көрінеу кедергі жасау әрекеттерінен көрінетін сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылыққа жол бергені үшін Т.Толкинбаевты, К.Оразбековті және К.Кыдырбаевты «қызметінен төмендету», ал төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда заңда белгіленген тәртіппен «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазасын қолдануды ұсынды.