ҚЫЗЫЛОРДАДА 2 МЫҢНАН АСА КӘРІЗ ҚҰДЫҒЫНЫҢ ҚАҚПАҒЫ ҰРЛАНҒАН
Қызылорда тұрғындары соңғы үш жылда екі мыңнан астам сервистік және кәріз құдықтарының қақпағын ұрлап кеткені үшін «жазаланды», деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Бұл өте өзекті мәселе, себебі сумен қамту ұйымы құдық қақпақтарын өз қаражатына сатып алады. 2013 жылы қалалық су арнасы 1200 қақпақ сатып алды, өткен жылы – 600, биыл тағы да қаражат бөлініп отыр. Жалпы алғанда үш жыл ішінде 19 млн теңгеге жақындайды», - дейді Қызылорда әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.
Айта кетсек, көшелердегі кәріз немесе басқа да құдықтардың қақпағын ұрлау фактісі бойынша полицияға арыз-шағым жазылады. Күндіз де, түнде де қосылып тұратын бейнебақылау камераларының арқасында қақпақтарды жымқырып кеткен ұрлықшыларды табу аса қатты қиынға соқпайды. Ал ұсталған азаматтар темір қақпақты не үшін қолды еткендерін де жасырмай түсіндіріп жататын көрінеді.
«Бұл жерде ұрлықшылардың қақпақты мақсатты түрде қолды еткендері анық. Ал коммуналдық меншікті бұзақылық пиғылмен бұзатындарды түсіну қиын. Мысалы, қалалық Оқушылар сарайының маңындағы саябақта біреулер көше шамдарын сындырып, мүсін формаларын қиратып кеткен. Меценаттар Шұғыла шағын ауданында тұрғындарға жайлы сквер ашқан еді. Көп ұзамай бұқазылар онда да ойран салып кетті. Мұндай жағдайлар қала әкімшілігінің басты назарында, себебі халықтың мәдени демалысы үшін қажетті инфрақұрылым құруға мемлекет қазынасынан аз ақша бөлінбейді», - деп толықтырды Нәлібаев.