«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
1 тамыз күні басталған дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы аясында «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ аудандардағы мектептерге сыйлықтар тапсырды.
Тереңөзек кентінде шәкірттер мен ата-аналар компания қызметкерлерін Иса Тоқтыбаев атындағы №35 мектеп-лицейде қуанышты көңіл-күймен күтіп алды. Аудандық білім бөлімінің бас маманы Жеңісек Ашықбаев үнемі көмек көрсетіп жүретін компанияға ризашылығын білдірді. Олардың ең бірінші кезекте жетім балаларды, аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан балаларды, сол сияқты зейнеткерлер мен мүгедектерді әсте ұмытпайтындығын айтып өтті.
Компанияның бас маманы Ақтолқын Сұлтангереева шараға қатысушыларды алдағы жаңа оқу жылымен құттықтап, мұқтаж жандарға көмек беру – басты парыз екендігін атап өтті. Ол балақайларға оқушы сөмкелерін табыс етті, сөмкелердің ішіне оқуға қажетті барлық құралдар – дәптерлер, қаламдар, өшіргіштер, фломастерлер, сызғыштар, сурет салуға арналған альбомдар, қаламсаптар салынған.
- Менің қызым Айжан бірінші сыныпқа барғалы отыр, - деп әңгімелейді кент тұрғыны Қандығаш Орынбасарова. - Мұндай сыйлық мектепке өте-мөте қажет. Біз үшін игілікті істер атқарып келе жатқан компания басшылығына алғысым зор. Мен «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ мұнай компаниясының адамдарға жәрдемдесіп жүргендігі жайлы көп естідім. Бұдан былай да осындай жәрдемін жалғастыра берсін деймін.
Осы сияқты алғыс сезіміне толы лебіздерді Райхан Бердіхожаева да білдірді. Оның немересі Жанқожа биыл бірінші сыныпқа барады екен.
- Тәңірім осы ізгілікті компания қызметкерлерінің өсіп-өркендей беруіне, сау-саламатты болып жүруіне жазсын, - деп ағынан жарылды ата-ана.
Сапар одан әрі Қармақшы ауданында жалғасты. №250 мектеп-лицейге ата-аналар балаларын ерте келіпті.
Бес бала тәрбиелеп отырған Гүлсара Алтыбаева компанияға көңіл бөліп қамқорлық жасағаны үшін алғысын жаудырды. Ұлы Керуеннің жақсы оқитындығын, болашақта мұнайшы болғысы келетіндігін жеткізді.
- Балаларымның барлығын мектепке дайындау үшін қанша қаражат керектігін өздеріңіз де түсінетін шығарсыздар. Бұл жәрдем – біздің барлығымыз үшін де дер кезінде берілген көмек болып отыр. Компанияға алғысымыз шексіз. Менің ұлым сенімді ақтап, мұнайшы болады деп үміттенемін, - дейді ол.
Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Арман «Қаржаубаев атап өткендей, компания өзінің атқарып келе жатқан игілікті істерімен біраз жылдан бері барлық адамдардың құрметі мен сеніміне ие болып келеді.
Оқу құралдары салынған сөмкелер Жалағаштағы аудандық қосымша білім беру орталығында да табыс етілді.
- «ПетроҚазақстан» компаниясы «Мектепке жол» қайырымдылық шарасына он жылдан артық уақыттан бері атсалысып жүр. Әр жыл сайын ішінде оқу құралдары бар портфельдермен 300 бала қамтамасыз етіледі, олардың 50 сөмкесі шефтік қамқорлыққа алынған мекемелердегі: «Балғын» балабақшасы мен «Шапағат» оңалту орталығындағы сәбилерге, 100-і – қаладағы және 50-і – Сырдария, Жалағаш және Қармақшы аудандарының балаларына таратылады, - деп атап өтті «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның бас маманы Ақтолқын Сұлтангереева, - міне бүгін мектепке сыйлық тарту ету үшін біз де келіп қалдық. Сендердің барлықтарың да жақсы оқитын болар деп үміттенемін.
Көп балалы әке Сәбит Мұрат сыйлықтар үшін алғыс білдіріп, мұндай ізгілікті шаруаны облыста бірде-бір компанияның атқарып отырмағандығын атап айтты. Қызы бірінші сынып табалдырығын аттағалы отырған Айгүл Бектібаева да селсоқ қала алмады.
- Мен осындай игі істері үшін, балаларымызды мектепке дайындауда көмек көрсеткені үшін компанияға дән риза екендігімді жеткізсем деймін, – деді Айгүл. Өздеріңіз білесіздер, қазір барлығы да қымбат, және бұл дер кезінде берілген көмек болып отыр. Компания одан әрі өсіп-өркендеп, гүлдене берсін деп тілеймін.
Облыс бойынша мектепке арналған сыйлықтарға, сондай-ақ облыс орталығын қоса алғанда 300 бала ие болды.
Валентина ЖӘКІБАЕВА