ТӘРТІТІК КЕҢЕС Қ.ҚАНИЕВТІ ҚЫЗМЕТІНЕН ТӨМЕНДЕТУДІ ҰСЫНДЫ
2015 жылдың 17 шілдеде өткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысындағы Тәртіптік кеңесінің отырысында 12 мәселе қаралды.
1-ші мәселемен Жосалы кенті әкімі аппаратының Ұйымдастыру және мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Қ.Қаниевтің тәртіптік істері қаралды.
2015 жылдың 26 наурызында автобус аялдамаларын дайындап, орнату жұмыстарына электрондық конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша «Болашақ Азия Сервис» ЖШС-нің, «Құрылыс-Базис Кызылорда» ЖШС-нің, «Кызылорда-Стройсантех Сервис» ЖШС-нің электрондық конкурсқа қатысуға тапсырған өтінімдерін дұрыс емес негізде қайтарып және 2015 жылдың 24 наурызында тұрмыстық қатты қалдықтар салынатын контейнерлер сатып алуға электрондық конкурс тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша «Таркон» ЖШС-нің және «Өмірзақ» ЖШС-нің конкурстық өтініміне қатысты шешімдер әзірлеу мен қабылдау кезінде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету әрекетімен сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықтарға жол берген.
Тәртіптік кеңес мәселені талқылай келе, Жосалы кенті әкіміне ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12 бабы 1 тармағының 10 тармақшасында көзделген талаптың бұзылуына жол бергені үшін Қ.Қаниевке «қызметінен төмендету», ал төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда заңда белгіленген тәртіппен «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазасын қолдануды ұсынды.