ДІНТАНУ ПӘНІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Кеше Қызылорда облыстық дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен №140 орта мектепте «Оқушыларға рухани-адамгершілік тәрбие берудегі дінтану негіздері пәнінің рөлі: өңірлік тәжірибе және діни әдебиеттерді қолдау мәселесі» тақырыбында қала және аудандардағы мектептердің директорларына арналған оқыту семинары өтті.
Аталмыш пән азаматтарға діни құндылықтың маңыздылығын үйретіп қана қоймай, оларға құрметпен қарауға, қоғамымыздың мәдени әрі әлеуметтік көріністеріне сана-сезімін қалыптастыруға ықпал етеді. Семинар барысында қалалық білім бөлімінің басшысы М.Аралбаев, дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Т.Әбуов, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дің аға ғылыми қызметкері, дінтану ғылымдарының магистрі Б.Оспанов, тағы басқалар баяндама жасады.
Қатысушыларды қызықтырған сұрақтар қызу талқыланып, талдау жұмыстары жүргізілді. Орталық мамандары жат пиғылды діни ұйымдар туралы жан-жақты ақпарат берді. Діни тақырыптағы жадынамалар, әдістемелік кітапшалар таратты.