ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 7 АДАМ ҚЫРЫМ ҚАНДЫ БЕЗГЕГІНЕ ШАЛДЫҚҚАН
Жаз маусымы басталысымен Қызылордада кене шаққан тұрғындар саны артты. Облыс бойынша 7 адам конго-қырым қанды безгегіне шалдықты деген күдікпен ауруханаға жатқызылған, дейді Тұтынушылар құқығын депаратментінің мамандары.
"Әзірге ешбір жайт зертханалық тұрғыда нақтыланған жоқ. Бұл жақсы әрине, өткен жылы кенелер белсенділік танытқан болатын. Үш адам қырым қанды безгегіне шалдығып, олардың бірі қайтыс болды" дейді Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті аса қауіпті инфекциялар бөлімінің бас маманы Гүлнар Бижанова.
Оның айтуынша, жаз басталғалы бері 600-ден астам қызылордалық кене шақты деп дәрігерлер көмегіне жүгінген. Олардың барлығына көмек көрсетілген.
"Айта кету керек, тұрғындар соңғы кезде бұл тұрғыда тәжірибелі болып келеді. Олар қазір өз қораларына, аулуларына кенеге қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізуде. Ал, кене шақса дереу дәрігерге көрінеді" дейді Г.Бижанова.
Сыр елінде ауылдық округтерде кенеге қарсы залалсыздандыру үшін облыстық бюджеттен биыл 166 млн аса қаржы бөлінді. 106 елді мекен залалсыздандырылды.
Шынар БЕКБАН