БАЙҚОҢЫРДА 100 МЛН ТЕҢГЕ ҚАЛТАҒА БАСҚАН БАНК КАССИРІНЕ ҚАТЫСТЫ ҮКІМ ШЫҚТЫ
Байқоңырда ішімдікке масайып алып, кассадан 100000 АҚШ долларын және 350000 Евро ұрлап алған банктің бұрынғы аға кассиріне қатысты үкім шықты.
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметінен хабарлағандай, ҚР ҚК 188-бабы 4-бөлігінің 3 тармағымен айыпталған азаматқа қатысты қылмыстық іс сотқа берілген кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасалғандықтан келісімдік іс жүргізу негізінде қаралып, үкім шығарылды.
«Кінәні мойындау туралы процестік келісімі бойынша, сотталушы алкогольден масаң күйінде банктің аға кассир қызметін атқара жүріп, банк қоймасы ішіндегі сейфтен 100000 АҚШ долларын (18505000 теңге) және 350000 Евро (73549000 теңге) ақшаларын үстіне киіп келген киімдерінің қалталарына жасыру арқылы жымқырып, салдарынан банкке жалпы сомасы 92054000 теңгеге мүліктік залал келтірген», - деп көрсетілген хабарламада.
Сот үкімімен сотталушы ҚР ҚК 188-бабы 4-бөлігінің 3 тармағымен кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылуға, ҚР ҚК-нің 63-бабы қолданылып, тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасы шартты деп саналып, бас бостандығынан айырудың барлық тағайындалған мерзіміне пробациялық бақылау белгіленді.
Талап арыз қанағаттандырылып, жауапкер сотталушыдан талап қоюшының пайдасына 1730900 теңге 3 тиын, мемлекет пайдасына 51 927 теңге мемлекет баж алымы өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген.