ДЕПОЗИТТІ ХҚКО-НАН ТОЛЫҚТЫРУҒА БОЛАДЫ
Депозитті толықтыру үшін немесе одан ақша алу үшін Сізге енді менеджерге кезекке тұрудың қажеті жоқ. "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-дағы депозиттік/несиелік шотты толықтыру үшін енді қалаңызда орналасқан ХҚКО арқылы жүзеге тез, әрі жылдам түрде аудара толықтыра аласыз. Бұл туралы Қызылорда облысының ХҚКО баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл қызмет түрі электрондық үкіметтің веб-порталы www.e.gov.kz арқылы жүзеге асырылады. Электронды Үкімет порталы арқылы "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-дағы депозиттік/несиелік шотты толықтыру бойынша төлем көлемі 1000 теңгеден бастап қабылданады (комиссия - 150 теңгеге дейін). Қаржыны есептеу, шотқа ақша аудару, шоттың "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-да расталғаннан кейін жүргізіледі.
- Онлайн төлеу порталда авторлану және «Онлайн төлеу» батырмасы бойынша өту, шот кодын енгізу, операция типін көрсету (кредит, депозит). Төлем сомасының мөлшерін көрсету. Енгізілген мәліметтерді және төлем мөлшерін растау. Төлем картасы/жеке шоттың мәліметтерін енгізу: нөмірі, иесінің есімі қолданылу мерзімі және CVV-код. Жеке кабинетте («Қызметтерді төлеу тарихы» тарауында) төлем туралы чекпен танысу. Онлайн төлем тәсілдері төлемге барлық банктердің VISA, Visa Electron, Mastercard, Maestro/Cirrus банк карталары қабылданады, - делінген хабарламада.