ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА НАШАҚОРЛАР САНЫ 30%-ҒА АЗАЙДЫ
Қызылорда облысында есірткі тұтынатын тұрғындар саны едәуір қысқарды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Есірткіге құмар нашақорлар саны үштен бірге азайып отыр. Биыл облыста есірткі дозасын шамадан тыс қабылдаудан көз жұмғандар тіркелмегенін атап өткім келеді», - дейді облыстық ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының басшысы Нұрлан Ибраев.
ІІД басшылығы атап өткендей, полицияның арнайы әзірленген жоспарлар бойынша жұмыс істеуі нашарқорлыққа қарсы күрестің тиімді жүргізілуіне сеп болып отыр.
«Құқық қорғау органдары есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл шараларының тізімін әзірлеп, іске асыруда», - дейді Қызылорда облысы ІІД басшысы Жанат Сүлейменов.
Айта кетсек, жыл басынан бері полицейлер 50 есірткі қылмысын анықтаған.