СУҒА ТҮСУ ОРЫНДАРЫНДА РЕЙД ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Қызылорда облысы төңірегінде орналасқан адамдардың суға түсу орындарында үгіт-насихат, түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті, ҚР ІІМ ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ рейд ұйымдастырды, деп хабарлайды облыстық ТЖД.
Үгіт-насихаттық рейд барысында «Мерей» мөлтек ауданы, орталық жағажай, «Рисмаш» елді мекені тұсы, «Көксу» жағалауы және «ПМК-29» саяжайы аралығында Сырдария өзенінің жағасындағы суға түсу, демалу орындарында демалушыларға үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, 75 дана үнпарақ таратылды. Дауысзорайтқыш арқылы көпшілік суға түсу ережелері туралы құлақтандырылды. Атқарылған іс-шараға «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының тілшілері қатыстырылып, суға түсуде қауіпсіздік ережесін сақтау жөнінде насихатталған рейд барысы телеарнадан көпшілікке көрсетілді.