ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ҚАДІР ТҮНІН ҚАРСЫ АЛДЫ
Шілде айының 13-нен 14-не қараған түні Қызылорда қаласының жұтшылығы қасиетті Қадір түнін қарсы алды. Құранның Қадір сүресінде бұл түннің мұсылмандар үшін мың айдан да қадірлі екені айтылған. Осы түні жасалған ғибаттардың сауабы 83 жыл жасаған құлшылықпен тең. Сондықтан барша мұсылман қауымы Қадір түнінде мешіттерге ағылады. Орталық мешітте жамағатқа жағдай жасау мақсатында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Асханасы басқа ғимаратқа көшіріліп, ғибадат үйін кеңейту қолға алынған. Қызылорда облысы әкімінің міндетін атқарушы Нұржан Әлібаев «Ақмешіт-Сырдария» мешітіне арнайы барып, жиналған жамағатты Қадір түнімен құттықтады.
- Қадір түні – адамзат баласын бірлікке, бауырмалдыққа, ата-ананы құрметтеуге, жақсылыққа шақыратын рухани сәт. Көптеген аймақтағы игі істер де осы бірлігіміздің, иманымыздың арқасы. Баршаңыздың қасиетті Рамазан айындағы және бүгінгі Қадір түні тілеген тілек-ниеттеріңіз қабыл болсын, - деді.
Қадір түні мешітке келген жамағатқа «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде ауызашар мен сәресі уақыт аралықтарында үзбей дастарқан жайылып тұрды. Имамдар алдын ала дайындалған бағдарламаға сәйкес Рамазан айы, Қадір түні, ораза тақырыптарын қамтыған уағыз-насихат айтып, мешітке келген жамағат қасиетті түннің маңыздылығы мен ерекшеліктері жөнінде кеңінен мағлұмат алды. Сондай-ақ, дәстүрлі дініміздің негізгі қағидаларын қамтыған викториналық сұрақтар дайындалып, дұрыс жауап берген адамдарға арнайы сыйлықтар үлестірілді.
Өткен жылмен салыстырғанда мешітке келгендердің саны өте көп. Басым бөлігі жастар. Мешітке сыймаған жамағат аулада отырып-ақ құлшылықтарын қылды. Автотұрақ та адамға лық толды. Бұл жыл санап дінге, Жаратушыға құлшылық етушілердің артқанының айғағы. Олар таңға дейін жамағатпен бірге болып, мешіт ұжымының ұйымдастыруымен өткен түрлі танымдық шараларға да ат салысты. Сонымен қатар, дәл осы түні діни іс-шараларды насихаттап жүрген бірнеше журналистер марапатталды.