ЖАСТАР ҚЫЗЫЛОРДАДА ВИКТОР ЦОЙҒА АРНАП ТАҚТАЙША АШУДЫ СҰРАЙДЫ
Қызылордалық жастар облыс орталығында Виктор Цойға арналған тақтайша орнатуды ұсынып отыр. Бұл туралы «NewTimes.kz» АА хабарлады. Біраз уақыт бұрын қалада белгілі әншінің ескерткішін қою жөнінде айтылып, аяқсыз қалған еді.
«Цой алдыңғы буынның өкілі болса да, әлі күнге көбіміздің кумиріміз. Біз оның әндерін тыңдаймыз, жақсы көреміз, өзіміз де орындаймыз. Оның үстіне, бір кездері Қызылордада әншінің әкесі өмір сүрген. Питердегі сияқты Цойға арнап осында тақтайша орнатса, жақсы болар еді», - дейді «Мегаполис» газетінің тілшісімен сұхбатында «Социум-Қызылорда» жастар қоғамдық қорының жетекшісі Ерлан Мұсаев. Жастардың ұсынысын қала әкімшілігі қолдай ма әлде Қызылорданың шығыс стиліндегі архитектуралық көрінісін бұзуға рұқсат етпей ме, ол жағы әзірге белгісіз.
«Виктор Цойдың ескерткішін орнату мәселесі аяқсыз қалды. 2011 жылы жас суретші және мүсінші Рүстем Әлжанов жергілікті билікке ескерткіш үшін орын бөлуді сұраған. Рүстемнің өзі – Цойдың фанаты, Қызылордаға осылай тарту жасағысы келген. Санкт-Петербургтен әншінің ескерткішін әкелмек те болған. Бірақ жоба үшін жер бөлу мәселесіне келгенде бұл идея нәтижесіз болды», - деп атап өтті «Мегаполис».