ТӨРАҒА БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Айбек Әбу 2015 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесті, деп хабарлады Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.
Баспасөз маслихатында сот төрағасы БАҚ өкілдерін Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2015 жылдың 6 айының қорытындысымен таныстырды.
Есепті кезеңде сот өндірісіне 34 адамға қатысты 31 қылмыстық іс, 189 талап арыз (арыз) және 718 әкімшілік құқық бұзушылық істері түскен. Түскен қылмыстық істердің 29 адамға қатысты 27 қылмыстық ісі қаралып аяқталса, қозғалған 183 азаматтық істің 156-ы шешім шығару арқылы аяқталған. Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша сот өндірісіне 718 іс түскен. Аталған әкімшілік істердің 718-сі де қаралып аяқталған.
Осы кезеңде Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты барлығы 4 қылмыстық, 1 азаматтық істі ҚР Медиация туралы Заңының талаптарын қолданып қараған.
Сот төрағасы А.Әбу сот өндірісінде қаралған қызықты істерге тоқталып, журналистердің сауалдарына жауап берді.