«ҚАЙСАР» ФУТБОЛ КЛУБЫ БАНКРОТ ДЕП ТАНЫЛДЫ
Қызылорда «Қайсар» футбол клубы БҚ өзін-өзі банкрот деп таныды. Бұл туралы Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
«Қайсар» футбол клубы БҚ-ы төлемге дәрменсіздігіне байланысты өзін-өзі банкрот деп тану туралы арызымен сотқа жүгінген. «Қайсар» футбол клубы БҚ-ы құрылғалы жоғары мамандандырылған арнайы өзінің жарғысына сәйкес қызмет атқарып келген, басқа қызмет түрлерімен айналыспайды. Кәсіпорын қазіргі уақытта шарасыз және қызмет түрімен айналыспайды. Қызметтік ұжымы жоқ.
«Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-дегі кредитор өкілі сот отырысында, борышкердің арызы бойынша қарсылығының жоқ екендігін білдірді. «Оңалту және банкроттық» Заңының 1 бабының 9 бөлігіне сәйкес, борышкер болып төлемге қабілетсіздігі оларға осы Заңда көзделген рәсімдерді қолдануға негіз болып табылатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға.
Сот азаматтық іс материалдарын қарап, борышкер «Қайсар» футбол клубы БҚ-ның банкрот деп тану туралы арызын қанағаттандырып, таратуға, банкроттық рәсімін қозғауға шешім шығарды.