ОБЛЫС БОЙЫНША 35-КЕ ЖУЫҚ МҰНАЙ ӨНІМДЕРІН САҚТАУ ОБЪЕКТІЛЕРІ ТІРКЕЛГЕН
Мұнай өнімдерін сақтау объектілерінің басшылары, аумақтық кәсіпкерлер палатасы, прокуратура органдары, Қызылорда облысы ТЖД, ӨҚСБжПҚБ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлайды Қызылорда облыстық ТЖД.
Төтенше жағдайлар комитеті Украинаның Киев облысындағы мұнай базасындағы өрттің салдарынан 14 тоннадан астам отынның жойылуы, 4 адам қаза болып, 13 адам жарақат алу жағдайына талдау жасаған.
Осыған орай, өрттердің алдын алу және профилактика жүргізу, адам өлімімен байланысты қайғылы оқиғалар мен материалдық шығынды келтірмеу мақсатында «дөңгелек үстел» отырысын өткізу арқылы мұнай өнімдерін сақтау объектілері басшалырымен аумақтық кәсіпкерлер палатасы өкілдерін қатыстыра отырып профилактикалық іс шаралар жүргізілді.
Қызылорда облысы бойынша 35-ке жуық мұнай өнімдерін сақтау объектілері тіркелген. Ұйымдастырылған кездесуге 28 мұнай мекемелерінен 32 өкілдері және жергілікті бұқаралық ақпарат өкілдерінен 5 адам қатысты.
Мұндай іс-шаралар аймақ бойынша қала, аудан ТЖ басқармаларымен және «ӨСжАҚЖҚ» ММ-мен бірігіп ұйымдастырылып, алдағы уақытта өрт-тактикалық оқу жаттығулар өткізу жоспарлануда.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша мұнай мекемелерінде өрт қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталуы жөнінде ұсыныстар берілді.