ОӨАЖҚЖ ҚҰТҚАРУШЫЛАРЫ БАЛЫҚШЫЛАР СЛЕТЫНДА ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУҒА АТСАЛЫСТЫ
Жыл сайын Қызылорда облысы Арал ауданындағы мөлдір және таза Қамбаш көлі көптен көп адам тартуда. Бұл жерде түрлі іс-шаралар да өткізілуде.
Мысалы, кеше Арал ауданының Қамыстыбас көлінде «Арал өңірі балықшыларының бірінші слеті» өтті. Слетке облыс, аудандар көлемінен 5 мыңдай халық жиналды. Түрлі іс шараларды өткізуге, 50-ге жуық катер мен қайықтар қатысты.
Аталған орында адамдардың көп шоғырлауына байланысты, ҚР ІІМ ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ құтқарушылары күшейтілген түрде бақылау жасап, 4 моторлы қайықпен адамдардың судағы қауіпсіздігін сақтап, халыққа қызмет көрсетті. Атап өту керек, жақын арада бұр жерде құтқарушылардың посты мен биіктігі 5 метр бақылау мұнарасы орнатылған. Қауіпсіздік шарасына бұл да өте маңызды құрылымдар.
Сонымен қатар, Қамыстыбас көлінің «Аққұмшық» жағажайына 2 құтқарушы моторлы қайықпенен кезекшілік жүргізіп, судағы қауіпсіздікті қадағалауда және демалушыларға сақтандыру үн-парақтары таратылды.
Балықшылар слеты жақсы деңгейде төтенше жағдайларсыз өтті.
ҚР ІІМ ТЖК «ОӨАЖҚЖ» ММ