БІЗДІҢ ТАҢДАУЫМЫЗ – СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ БОЛАШАҚ
2015 жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің Орталық және Оңтүстік аймағы бойынша ауданаралық бөлімдерінің ұйымдастыруымен жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа деген мүлдем төзбеушілікті құру мақсатында Сырдария ауданының «Жалын» және Шиелі ауданының «Сыр ұланы» балаларға арналған тынығу лагерлерінде оқушылар арасында «Біздің таңдауымыз – сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» атты спорттық жарыс өткізілді.
Жарысқа шебер, жылдам және спорттық команда атағын иеленуге 9 команда қатысты. Жарыс тәртібі - спорттық эстафета(3 түрі), сондай-ақ әр команда «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сурет салуды қамтыды.
Сырдария ауданының «Жалын» балаларға арналған тынығу лагерінде ең көп ұпайды «Қыран» тобы жинап, екінші орынды «Жасұлан» тобы, үшінші орынды - «Ақкөгершін» тобы жеңіп алды. Ал Шиелі ауданының «Сыр ұланы» лагерінде үздік болып «Жұлдыз тобы» танылса, екінші орынды «Жалын» және «Ұлан» топтары бөлісіп, үшініші орынды «Достық» тобы қанжығасына байлады.
Барлық қатысушылар ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің атынан алғыс хаттармен марапатталып, ал жеңімпаздар – Диспломдар, кубоктар және сыйлықтарды иеленді.
- Біз Еліміздің болашағы – жас ұрпаққа сенеміз. Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілікті балалық шақтан дағдыландыру қажет. Сондықтан да бүгінгі іс-шара осы жастардың қатысуымеен ұйымдастырылуда. Себебі Еліміздің болашағы жастардың көзқарасы мен ұстанымынан тікелей байланысты», - деп ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері атап өтті.
Жарыс соңында балалар әсерлі әнге «сыбайлас жемқорлыққа қарсы» флешмоб биледі.