БАЙҚАУ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Қызылорда облыстық «Ақмешіт жастары» газеті мен «Ұшқын» мүгедектердің құқықтарын қорғау және жәрдем беру» қоғамдық бірлестігі облыс жастары арасындағы «Ұшқын» шығармашылық байқауын қорытындылады. Байқау барысында қатысушылар жастар басылымына он саусағынан өнері тамған, өмірге құштар, талантты мүмкіндігі шектеулі жандар туралы мақалалар жариялап, олардың өнерін, еңбекқорлығы мен белсенділігін өзгелерге үлгі ете білді.
- Осындай байқауларды ұйымдастыру арқылы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірге деген құлшынысын арттырып, олардың қоғамға керек екенін сезіндіре аламыз. Алдағы уақытта шараны өткізуді дәстүрге айналдырсақ, нұр үстіне нұр болар еді, - деді «Ұшқын» мүгедектердің құқықтарын қорғау және жәрдем беру» ҚБ-нің төрағасы Бақыт Жұмашев.
- Өмірде мүмкіндігі шектеулі болғанымен тағдырға тура қарай алатын жандарды көпшілікке үлгі етіп көрсету мақсатында ұйымдастырылған шара әрі қарай жалғасын табары сөзсіз. Себебі оларға қарап мұңая алмайсыз, керісінше өмірге деген құштарлығыңыз артады, - деді «Сыр Медиа» ЖШС бас директорының орынбасары Қуат Шарабидинов.
Қамкөңіл жандардың жағдайына қоғамның назарын аударуды мақсат еткен байқауға облыстың белді журналистері төрелік етіп, бағасын берді. Сайыс нәтижесінде «Өмір, өмір болмайды түңілуге» атты мақаланың авторы, газеттің белсенді оқырманы Айдана Жұмадинова үздік деп танылып, жүлделі I орынды иеленсе, оқырман көңілінен шыққан «Тағдырына мойымаған жандар» мақаласының авторы Тәжімұрат Әлжанов II орынға лайық деп танылды. Ал «Колледжге қоларбамен қатынап жүр» мақаласының авторы Лаура Өксімбаева III орынды қанжығасына байлады. Сонымен қатар «Не болса да шар болаттай шыдармын», «Көзбен емес, көңілмен өмір көрген» мақалаларының авторлары Зухра Мәди мен Ердос Жақсылық ынталандыру сыйлықтарын өзара бөлісті. Шара соңында жеңімпаздар мен олардың кейіпкерлеріне арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.