«ОБЛЫСТЫҚ МЕКЕМЕЛЕР ҮЙІ» ҒИМАРАТЫНДА ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЫ ӨТКІЗІЛДІ
Қызылорда облыстық әкімшілігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырыс хаттамасын орындау мақсатында «Облыстық мекемелер үйі» ғимаратында гарнизондық өрт-тактикалық жаттығуы өткізілді, деп хабарлады Қызылорда облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ КҚЖБО.
Жаттығуға барлығы 6 негізгі, 3 арнайы және 1 штабтық өрт сөндіру автокөліктері 49 жеке құрамымен қатыстырылды.
«Өрт сөндіру кезіндегі өзара бірлесіп әрекет жасау тәртібі» нұсқаулығына сәйкес жұмыс жүргізу мақсатында Облыстық Ішкі істер департаментінің жеке құрамы, Жедел жәрдем станциясының, «Қызылорда электр тарату тораптары» АҚ-ның топтары және Апаттық медициналық орталығының қызметкерлері жұмылдырылды.
Жаттығудың тактикалық ойы бойынша өрт ғимараттың екінші қабатындағы қызметтік бөлмеде шығып, қосымша іргелес бөлмеге өршіген. Ғимаратта тәулік бойы күзететін мамандандырылған күзет қызметі қызметкерлері бірінші қабаттағы және қосымша блоктардағы қызметкерлерді шамасы келгенше сыртқа шығарды. Шақыру бойынша шартты өртке келген қала гарнизонының өрт сөндіру бөлімдері 1 АЛ-32, 1 АЛ-30 автосатылары арқылы жоғарғы қабаттан адам құтқарады, 1 АЛ-37 автосатысы арқылы өрт ошағына қызметтік бөлмеге сыртқы беттен терезе арқылы оқпан береді.
Ғимараттағы өртті сөндіруге және жоғарғы қабаттағы қызметкерлерді эвакуациялауға барлығы 6 ГТҚҚ буыны кіреді. Өрт сөндіру автокөліктерін үздіксіз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Облыстық мекемелер үйі» ғимаратының ауласындағы 3 өрт гидранты пайдаланылды.