ҚАЗАҚТЫҢ 25 ЖАСТАҒЫ ЖІГІТІ 2 МЛН ДОЛЛАРЫН ҚАТЕРЛІ ІСІКПЕН КҮРЕСКЕ ЖҰМСАДЫ
Қазақтың 25 жастағы жігіті Асхат Мырзабаев Ұлыбританиядағы Barclays ірі банк тобында жарты жыл қызмет етіп, 2 миллион доллар табыс тапты. Жас маман бар ақшасын қатерлі ісікті зерттеуге бөлді. Бұл туралы Асхат блогер Бота Жұмановаға берген сұхбатында айтты.
«Жобалардағы түпкілікті мақсатым – ақша емес, мен үшін бұл жаңа тәжірибе, жаңа таныстық, жаңа білім мен сын алуға мүмкіндік қана. Бізде банк топ-менеджерлері арасында банк қызметкерлерінің ақшаны қайда жұмсайтынымыз жайлы бейресми әңгіме болды. Барлығының ойлайтыны – темекі, түнгі клуб, яхта. Алайда, Barclays тобындағылардың көпшілігі салауатты өмір салтын ұстанады, марафонда жүгіреді, еріктілер арасында қызмет етеді. Жалпы, сол кездесуде барлық гонорарымды әлемдік маңызы бар пайдалы іске беретінімді айттым. Мен қаражатты қатерлі ісік саласындағы зерттеулермен айналысатын халықаралық ұйымға құйдым. Банк топ-менеджерлері менің әр фунтымның үстінен өздерінің екі фунтын қосатынын айтты», - дейді маман.
«Мен миллион табыс тапқан адамдардың екінші миллионға да шамасы жететініне сенімдімін. Бұл өмірдің басты мақсаты емес қой. Мақсат ақшадан жоғары болуы керек», - дейді ол.
Қазіргі уақытта Асхат дарынды қазақстандықтарға жұмыс іздеп, оларды жұмысқа орналастырумен айналысатын стартаптың негізін қалаушылардың бірі. Жас маманның айтуынша, оның мақсаты – Қазақстанда мүмкіндігі жоғары барлық адамды бір алаңға жинап, еңбек нарығында оларға үздік мүмкіндіктер ашу.
Айта кетейік, өткен жылы Асхат Twitter компаниясында жұмыс істеді. Сол кезде ол Esquire Kazakhstan журналына берген сұхбатында Google компаниясының атқарушы директоры қызметіне дейін көтерілуді армандайтынын айтқан болатын.