ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТ 2015 ЖЫЛДЫҢ 1-ШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Ағымдағы жылдың 9 шілде күні Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2015 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша БАҚ өкідеріне баспасөз конференциясын өткізді.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2015 жылдың 1 қаңтарына 2014 жылдан 5 іс қалдықта қалған болса, 2015 жылдың 6 айы ішінде Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 8 қылмыстық іс түскен. Салыстыру үшін, 2014 жылдың осы кезеңі ішінде 15 іс түсті. Осылайша, түскен қылмыстық істердің саны 7 іске азайған.
Сот өндірісіне түскен істердің санаттары бойынша 4 іс қасақана өлтіру, 4 іс өте ірі мөлшердегі есірткі заттарға қатысты қылмыстар, 2 іс кәмелет жасқа толмаған жасөспірімді зорлау немесе оған қатысты нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттер жасау, 3 іс нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану қылмыстары. 2015 жылдың 6 айы ішінде 12 қылмыстық істі жүргізу аяқталды. 12 іс үкім шығарылып қаралды. Көрсетілген мерзім ішінде 13 адам сотталды. 3 сотталушыға қосымша жаза ретінде мүлкін тәркілеу тағайындалды, 3 сотталушыға нашақорлықтан емдеу үшін медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылды.
Жәбірленушімен татуласуына және келтірілген залалды өтеуіне байланысты ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігіне сай 1 адам қылмыстық жауаптылықтан босатылды, қылмыстық іс өндірісі тоқтатылды. Есептік мерзімнің соңында 1 іс қалдыққа қалды. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істер қаралған жоқ.
Ал кәмелетке толмағандарға қатысты 2 іс қаралды. Олар он төрт жасқа толмаған адамды зорлау немесе оған қатысты нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттер жасау санатындағы істер. Екі іс бойынша да айыптау үкімі қабылданды. Педагогиқалық қызметпен және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметтерді атқару құқығынан 2 жылға айыра отырып, біреуі – 5 жылға, екінші - 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Жазаларын жалпы режимдегі тәрбиелеу колониясында өтеу белгіленді.
Осы кезеңде қаралған, жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған қылмыстық істер бойынша, атап айтқанда, есірткі заттарды заңсыз сақтап, сатқан; бірнеше адамдарды өлтіруге бағытталған; адам өлтіру; зорлау немесе оған қатысты нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттер жасаған жөнінде қылмыстық істер бойынша сот төрағасы Сүлеймен Сағатбек БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.