ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ АРАЛ АУДАНЫНДА ҚҰТҚАРУШЫЛАР ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ
Қамыстыбас көлінің «Аққұмшық» жағажайының 2 гектар жерін Қамыстыбас округіне қарасты СТК (селолық тұтыну кооперативі) тендір арқылы жеңіп алып, жеке кәсіпкерлерге жалға берілуде. Жеке кәсіпкерлер өз кезегінде үйлер салып, халыққа ақылы қызмет көрсетуде. Қала, аудан және де көрші аудандардан күнделікті 1000-ға жуық, ал демалыс күндері 2000-2500-ге жуық адамдарға дейін келіп, осы демалыс орнының қызметін пайдаланып, демалуда. Ал, бұл аталған демалыс орнында азаматтардың судағы қауіпсіздігі өз деңгейінде ұйымдастырылмағандықтан, қауіп деңгейі күннен-күнге өсуде.
- 31.07.2014 жылы ҚР Үкіметінің №861 қаулысымен «Қазақстан Республикасының су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары» бекітілді. Бұл қағидалар – су айдындарын туризм және демалу үшін пайдалану кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін, су айдындарында демалыс орындарын жабдықтау тәртібін, балалардың судағы қауіпсіздігін, сонымен қатар жүзу құралдарын жалға беру станцияларын құру, күтіп ұстау тәртібін айқындайды. Аудан көлемінде аталған қауіпсіздік қағидаларының талаптары өз деңгейінде орындалмауда, - делінген ҚР ІІМ ТЖК "ОӨАЖҚЖ" ММ хабарламасында.
Аталған орында тиісті құтқару бекеті құрылмағандықтан, құтқару бөлімшесінен жағажайға күнделікті 2 құтқарушы бөлініп, моторлы қайықпен кезекшілік жүргізуде. Жағажайдағы үйлерге «Суда абай болыңыз!» плакаттары ілініп, демалушыларға күнделікті 150-ге жуық сақтандыру үн-парақтары таратылуда. Қазіргі таңда, құтқарушылардың күшімен жағажайға 5 метірлік бақылау мұнарасы орналастырылып, құтқарушылардың кезекшілік өткізетін үйі салынуда.