СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ – МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕКТЕГІ МІНДЕТІ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлері Қызылорда ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы және Сырдария аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында семинар-кеңестер өткізді. Алдын алу семинарларында барлығы 70-тен астам мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Семинар барысында департамент қызметкерлері қатысушыларға 2015-2025 жылдарға арналған ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясының негізгі бағыттарына және мемлекеттілікті нығайтуға арналған бес институциалдық реформалардың аспекттеріне түсіндірме берді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықты жою үшін қоғам бірлесе іс-қимыл жүргізіп, ал оны әркім өзінен бастау керектігі туралы айтып өтті.