ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ 92%-Ы ӨҢІРДЕГІ ДІНИ АХУАЛҒА ТҰРАҚТЫ ДЕГЕН БАҒА БЕРДІ
Қызылорда облысы тұрғындарының басым бөлігі өңірдегі діни ахуалды тұрақты деп санайды. Бұл туралы BNews.kz тілшісі хабарлайды.
«Осы сауал төңірегінде халық арасында сауалнама жүргізген едік, сол кезде респонденттердің 92%-ға тартасы аймақта конфессияаралық толеранттылыққа жоғары баға берсе, ал діни ахуалды тұрақты деп санайтындарын айтты. Қызылорда облысында діни бірлестік саны едәуір көп – 162, соның 148-і – мешіт, яғни ҚМДБ филиалдары, ал қалғандары – христиандық, католиктік, православтық бағыттағы. Яғни халықтың көбісі дәстүрлі дінді ұстанған», - дейді «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ директоры Бақытжан Қамалов.
Қамаловтың басшылығындағы орталық айналысатын проблемаар жалпы қоғамдағы мәселелермен үндес.
«Мысалы, халықтың білім деңгейін арттыру. Яғни бұл жерде мәселе рухани білімге қатысты болып отыр. Әзірге бізде базалық білімі мықты, жоғары оқу орнын тәмамдаған дін қызметкерлері өте аз», -дейді ол.
Оның айтуынша, өңірде Қазақстанның дін туралы заңын белден басып жүргендер де ара-тұра кездесіп қалады.