ҚҰТҚАРУШЫЛАР СЫРДАРИЯ ЖАҒАЛАУЫНДАҒЫ РЕЙДКЕ ҚАТЫСТЫ
Суға шомылу маусымында адам шығынын болдырмау мақсатында Сырдария озенінің жағалауында үнемі рейд өтікізіліп тұрады.
Бүгін осындай кезекті рейд «ОӨАЖҚЖ» ММ құтқарушыларымен, Төтенше жағдайлар департаментінің қала басқармасының қызметкерлерімен және қалалық ішкі саясат бөлімінің қатысуымен өткізілді.
Рейд барысында Сырдария жағалауындағы Мерей мөлтек ауданындағы жағажай, ескі базар аумағындағы жағажай, суға тусушілердің үнемі баратын орталық ХҚКО жанындағы жағажай және тағы басқа орындар тексерілді.
Бақытсыз жағдайлар көбіне суға тусуге болмайтын жерледе шомылғандармен болатыны айдан анық. Халық қауіпсіздік шараларын сақтамай, қайғылы оқиғаларға тап болады. Осылай үстіміздегі жылдың мамыр айынан бастап су айдандарында облыс бойынша 19 адам қаза тапты, оның ішінде 7-і кәмелетке толмаған балалар. Алты адам құтқарылса, соның үшеуі балалар.
«ОӨАЖҚЖ» ММ құтқарушыларымен қалалық төтенше жағдайдар басқармасының қызметкерлері су жағасында демалушыларға кеңінен түсіндірме жүмыстарын жүргізді. Атап өтсек, 300 данадан астам үгіт-насихат парақшалары таратылды, суға батып бара жатқан адамға көмек көрсету шаралары түсіндірілді, ішімдік ішіп суға шомылу кауіптілігі жөнінде кеңінен әңгіме өрбіді, ең бастысы – кәмелетке толмаған балаларды қараусыз су жағасында қалдырмау кажеттілігі талқыланды.
Бұдан бөлек, рейд барысында көпірлерден секіру, Сырдарияның арғы бетіне жүзіп бару деген азаматтардың әрекеттеріне тосқауыл қойылды. Өзен жағасында ересектердің қарауысыз қалған балалар үйлеріне қайтарылды.