СЫР ӨҢІРІНДЕ ЖЫЛЫНА 1000-ҒА ЖУЫҚ НЕКЕ БҰЗЫЛАДЫ
Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, жастарды қолдау орталығы және «Самұрық» ИИДО» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қызылордада «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз» акциясы өтті.
Қыркүйектің екінші жексенбісі елімізде Отбасы күні болып белгіленген. Осыған орай облыстық Ассамблея хатшылығы отбасылық құндылықтар мен отбасылық-демографиялық саясатты насихаттауға арналған іс-шаралар жоспарын әзірледі. Соған сәйкес 18 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында түрлі бағыттағы қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік шаралар өтетін болады.
«Біз зомбылыққа қарсымыз» акциясында «Қоғамдық келісім орталығының» директоры Р.Ахметова, облыстық ішкі істер департаментінің аға инспекторы Ш.Қасымова, қалалық әділет басқармасының маманы С.Бектұрғанова жастарға отбасы бірлігін, тұрақтылығын сақтау жөнінде кеңес берді.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Сыр өңірінде жыл сайын 5000-нан астам жұп некесін заңдастырса, кейін олардың 1000-ға жуығы бұзылады екен. Мұның бір себебі отбасындағы зорлық-зомбылық боп отыр.