НЬЮ-ЙОРКТЕ БАТЫРХАН ШӨКЕНОВТІ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ
Нью-Йоркте әнші, музыкант, композитор Батырхан Шөкеновты еске алу кеші өтті. Туыстары мен достарының осы шаһарда жиналуы кездейсоқ емес, деп хабарлайды 24.kz.
Қазақстан мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер Батырхан Шөкенов БҰҰ-ның балалар қоры - ЮНИСЕФ-тің Ізгі ниетті Елшісі болған және БҰҰ-ның штаб-пәтеріне жиі барған. Туған ұлы Мақсұт анасы Екатеринамен бірге Флорида штатында тұрады, музыкадан ұстазы Владимир Заславский Нью-Джерси штатында жұмыс істейді. Лос-Анджелес, Вашингтон мен АҚШ-тың өзге де қалаларында Батырхан Шөкеновтің достары көп. Олардың барлығы БҰҰ-дағы Қазақстан өкілдігінде жиналып, отандық мәдениетіміздің дамуына зор үлес қосқан әншіні еске алды. Америкада тұратын көптеген жанкүйері, қазақстандық әріптестері мен әншілер орны толмас қазаны әлі күнге дейін ауыр қабылдайды. Батырханмен арадағы былтырғы кездесулерін еске алып, шын мәнінде халық әндеріне айналған өлеңдерін шырқаған. Әйгілі әншілер Жанна Орынбасарова мен Алтынай Сапарғалиеваның орындауындағы «Джулия» мен өзге де өлеңдеріне бүкіл жиналған қауым қосылып, ән шырқады.
«Батыр сияқты достан айырылу - мен үшін үлкен қайғы. Өмірімнің бір бөлігімнен айырылғандай болдым. Дегенмен, бірге жұмыс істеп, оның қасында талай уақыт болғаныма ризамын. Гастрольге, фестивальдерге бірге барып жүрдік. Батыр сияқты досым болған менде арман жоқ. Атағы шықса да, ешбір өзгерген емес. Ылғи қарапайым, адал болған және осы адамгершілігімен мәңгі есімізде қалады»,-дейді Батырхан Шөкеновтің музыкадан ұстазы Владимир Заславский.