КӨЛІК ҚҰРАЛЫН ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛҒАНЫНА ҚАРАМАСТАН АВТОКӨЛІК БАСҚАРҒАН
Қызылорда қаласында соттың қаулысымен бір жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айрылғанына қарамастан қала тұрғыны көлік басқаруға отырған. Осылайша, ол Қорқыт ата көшесі бойында «Mercedes-Benz 200 E» маркалы автокөлігін жүргізу куәлігінсіз басқарғаны анықталды. Сол жерде жоғарыда аталған сот актісін орындамауына байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, негізінен қарап, шешім қабылдау үшін сотқа жолданған.
Құқық бұзушы өзінің әрекеті мен кінәсін мойындап, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және іс бойынша басқа да жинақталған құжаттармен толық дәлелденіп бекітілді. ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен кінәлі деп танылып, 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 19820 теңге айыппұл салынды.