ХАЛЫҚ БАНКІ ӨЗ КЛИЕНТТЕРІНІҢ КАРТАЛАРЫН ЖАППАЙ БҰҒАТТАП ЖАТЫР
Халық банкі өзінің кейбір клиенттерінің карталарын бұғаттайды. Карталарының бұғатталғаны туралы пайдаланушылар қаражатты ала алмаған кезде немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысқан кезде біле алады, деп жазады kazpravda.kz.
Банк қызметкері карточка ұстаушылардың біріне телефон арқылы оның төлем құралы автоматты түрде бұғатталғанын хабарлаған, себебі алаяқтық операция жасалуы мүмкін болған. Оның айтуынша, алаяқтар банкоматтарда «оқитын құрылғы» пайдалануы мүмкін.
Ықтимал алаяқтық операция жасалуы мүмкін деген күдікпен тек 48 төлем картасы бұғатталған.
Елордада орналасқан бакоматтардың бірінде Банктің қауіпсіздік қызметі скимминг құрылғысын тапқан. Осыған орай банк клиенттері қаражатының қауіпсіздігін сақтау үшін сол күні аталған банкоматты пайдаланған 48 адамның төлем карталары бұғатталды.
Банкте карточканы қайта ашуға болатынын атап өтті. Бұның жауапкершілігін әрине, клиент өзі көтеретін болады. Ал жаңа картаны ұстаушының өтініші бойынша 10-12 күнде алуға болады.
Басылым атап өткендей, әңгіме скимминг деген алаяқтықтың түрі жайында. Қаскүнемдер банкоматқа бейне камерамен оқитын құрылғы орнатып қояды да жалған төлем карталарын қолдан дайындайды.