ӘКІМШІЛІК ӘДІЛ СОТ – ҚҰҚЫҚТЫҢ ҮСТЕМДІГІ
Молдова судьяларының қауымдастығы мен Неміс Халықаралық Ынтымақтастық Неміс қоғамымен бірлесіп, Молдова Республикасы Ұлттық әділет институтының мәжіліс залында «Құқықтық мемлекеттің тетігі - Әкімшілік әділ сот» тақырыбында Халықаралық конференция ұйымдастырылды. Бұл туралы Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Конференцияға Молдова Республикасының Әділет министрі Владимир Гросу, Молдова судьялар қауымдастығының төрағасы Ион Друце, Арменияның – Грачик Саркисян, Эстонияның – Юр. н. Меэлис Ээрик, Молдова Республикасының Жоғары сот палатасының төрағасы Михай Поалелунжь, Германияның судьялар одағының төрағасы Кристоф Франк, Қазақстан Республикасының Судьялар одағының төрағасы С.Байбатыров, Қызылорда облыстық филиалының төрағасы А.Дауренбеков, Грузияның Жоғары әділет кеңесінің мүшесі Вахтанг Тордия, Киев аумақтық әкімшілік сотының судьясы Валерий Журавель қатысқан.
Конференцияға қатысушылар әкімшілік органдардың қатысуымен дауларды қарау тәжірибесі пікір алысып, сол мемлекеттердегі әкімшілік істер бойынша сот тәжірибесі мен заңнамаларының қолданылу туралы ой бөлісті.
Қазақстан Республикасы судьялар одағының төрағасы С.Байбатыров «Қазақстандағы әкімшілік реформа» тақырыбында баяндама жасап, онда әділсоттың жаңа нысаны құқықтық дауларды сапалы шешуге, азаматтық сот процесінен өзгеше сот процесстерін өткізуді реттеуге ықпалын тигізетіндігін атап өтті.
Конференция аясында Қазақстанда әкімшілік әділ сотты енгізу бойынша тәжірибелік сұрақтарға байланысты пікір алмасты. Сонымен қатар, Қазақстанға бұл институтты енгізу іскерлік әлемді жақсартып, еліміздің инвестициялық тартылымдылығынна оң әсерін тигізе отырып, азаматтардың құқықтық деңгейін көтеріп, мемлекетке сенімін арттырады.